BAQ LIGA: Atameken business арнасы екі дүркін чемпион атанды

Елордада БАҚ өкілдері арасында волейболдан өткен турнир өз мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін BAQ LIGA турнирінің ІV маусымы жеңімпаздары белгілі болды. 

Журналистер арасында өткен жарысқа барлығы 8 команда қатысты. Турнир шамамен 2,5 айға созылды.

Финалда 3-орын үшін Хабар мен 7 арна командалары таласты. Нәтижесінде 7 арна Хабардан басым түсіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Ал 1-орынды Қазмедиа мен Atameken Business арнасы командалары сарапқа салып, 2:0 есебімен Atameken Business арнасы жеңіс тұғырынан көрінді.  

Айта кетейік, Atameken Business арнасы ІІІ маусымда да чемпион атанған болатын. Бүгін сол атақты қорғап қалды. 

Командасының капитаны Самат Қанағатов ойын жайлы пікірін айтты.

Ойын, жалпы биылғы турнир тартысқа толы өтті. Чемпион болу әрқашанда ерекше қуаныш сыйлайды емес пе?! Ойынға қатысқан команданың барлығы мықты. Деңгейлері жыл сайын көтеріліп келеді. Алайда топтық кезеңдерде де оңай болған жоқ. Бір команданы жеңсек, бірінен жеңілдік те. Десе де бастысы плей-офф кезеңі болды. Осы кезеңде ойынымызды барынша көрсетуге тырыстық. Енді бүгін тәжірибенің арқасында жеңіске жетіп отырмыз. Бұған себеп - командамыздың ұйымшылдығы, ауызбіршілігі, - деді телеарнаның спорт шолушысы.

Atameken Business арнасы келесі маусымда да чемпиондық атақты қорғап қалуды мақсат етіп отыр. Ал компаниямыздың атынан қатысқан Qazcontent спортшылары 5-орынға тұрақтады.

1-орын: Atameken Business арнасы 
2-орын: Қазмедиа
3-орын: 7 арна
4-орын: Хабар
5-орын: Qazcontent
6-орын: Еуразия бірінші арнасы 
7-орын: Түркі тілмаш
8-орын: Айқын командасы

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы