BAQ.KZ үздіктер қатарында. Алматыда дін саласында жазып жүрген журналистер марапатталды

 

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда журналистер арасында өткен дін тақырыбындағы байқаудың қорытындысы шықты.

Дін саласындағы өзекті мәселелерге арналған бұл байқауды Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарма мен «Social Development Center» қоғамдық қоры ұйымдастырды. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға 200-ден аса жұмыс келіп түскен.


 

Байқауға Алматы қаласындағы жергілікті және республикалық БАҚ-та істейтін журналистер қатысты. Олардың қатарында тілші, сарапшы ғалымдар мен блогерлер бар.

Жарияланған мақалалар негізінен мынандай өзекті мәселелерді қозғайды: діни заңнама нормаларын түсіндіру, конфессияаралық келісім мен толеранттық, деструктивті ағымдардың қаупі, діни экстремизм және терроризммен күрес, оның алдын алу.


 

Сонымен байқау шарты бойынша үздік материалдар бірнеше аталым бойынша анықталды. Атап айтқанда «Үздік теледидар жанры», «Мерзімді баспасөздегі ең үздік мақала», «Интернет-ресурстағы ең үздік мақала», «Интернет желісіндегі ең үздік видеоролик» және «Ең белсенді блогер». Оған қоса он журналиске ынталандыру сыйлықтары берілді. 

Аталған байқауда BAQ.KZ ақпараттық агенттігінің тілшісі Әділет Мұсахаевтың мақаласы «Интернет-ресурстағы қазақ тіліндегі ең үздік мақала» аталымын жеңіп алды. Орыс тіліндегі мақала бойынша Іnformburo.kz порталының тілшісі жеңімпаз атанды. 


 

Жеңімпаз атанған журналистердің барлығы арнайы дипломдармен марпатталып, сыйлықтар табысталды.

Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарма мамандары елімізде дін саласындағы мәселелер әлі де өзекті болып отырғанын айтады. Сондықтан бұл бағытта БАҚ өкілдерімен бірлесіп жұмыс істеу жалғасын таба береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы