БАҚ: Иран Ормуз бұғазына қойылған миналардың орнын таба алмай отыр
АҚШ мұның стратегиялық маңызы жоғары бұғаздағы кеме қатынасын қалпына келтіруді қиындатып отырғанын мәлімдеді.
Иран Ормуз бұғазына орналастырылған миналардың барлығын анықтай алмай отыр деген ақпарат тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы The New York Times басылымы аты-жөні аталмаған америкалық шенеуніктерге сілтеме жасап мәлімдеді.
Басылым мәліметінше, Иран қойылған миналардың нақты орналасқан жерін толық анықтай алмай отырғандықтан, бұғазды кеме қатынасы үшін толық көлемде аша алмай отыр. Соның салдарынан бұл маңызды теңіз жолымен қозғалысты жандандыру қиындап тұр.
Дереккөздердің айтуынша, Иранда оларды минадан тазарту мүмкіндігі де жеткіліксіз.
Сондай-ақ әр минаның нақты координаты тіркелді ме, жоқ па, бұл да әзірге белгісіз. Тіпті координаттары жазылған күннің өзінде, олардың кейбірі қозғалып кететіндей немесе ағысқа ілесіп ығысуы мүмкін етіп орнатылған болуы ықтимал.