БАҚ: Германия ықтимал соғысқа дайындықты бастады
Бюджет тапшылығына қарамастан, Германия әскери инфрақұрылымды жаңғыртуда
Германияда бюджетте қаражат тапшылығы байқалып отырғанына қарамастан, ықтимал әскери сценарийге дайындық басталған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Bloomberg таратқан мәліметке сәйкес, Германияда Еуропадағы ең ірі автокөлік тасымалдайтын порттардың бірі – Балтық теңізі жағалауындағы Бремерхафен портын жаңғырту жұмыстары қолға алынған. Бұл мақсатқа 1,35 млрд еуро қажет.
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бұл инвестиция тиеу алаңдарын нығайтуға бағытталған. Соның арқасында олар 60 тонналық Leopard танкі секілді әскери техниканы болашақ майдан шептеріне жеткізе алады, – деп жазды агенттік.
Белгілі болғандай, бұл жоба Германияның ықтимал соғысқа дайындалу жөніндегі ауқымды жоспарының бір бөлігі. Еуропада әскери қақтығыс бола қалған жағдайда, Германия өзінің географиялық орналасуы мен өнеркәсіптік әлеуетінің арқасында стратегиялық маңызды рөл атқарады.
Алайда агенттік мәліметінше, армияда бұл жобаны өз бетінше қаржыландыруға қаражат жеткіліксіз. Осыған байланысты Германия билігі жекеменшік сектордан қолдау сұрауға мәжбүр. Сонымен қатар компаниялармен өзара іс-қимыл күрделі рәсімдер мен тікелей байланыстардың жоқтығына байланысты қиындық туғызып отыр.