Банктегі оқыс оқиға: Қылмыскермен келіссөзді министрдің өзі жүргізді

Каspi bank ғимаратындағы ұстау операциясы сәтті аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ІІМ мәліметінше, барлық кепілдікке алынған азамат босатылды.

Олар полиция штурмынан кейін босатылды. Барлық қызметкер шығарылды. Кепілген алған қылмыскер ұсталды.  Медицина қызметкерлері барлығын тексеріп шықты. Ұсталған қылмыскер де, кепілдікке алынған азаматтар да зардап шекпеген. Қылмыскермен келіссөзді Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жүргізді. Сонымен қатар ол осы операцияны басқарды, - делінген ресми мәлімдемеде.

Айта кетсек, Kaspi bank бөлімшелерінің бірінде қаруланған ер адамның есікті құлыптап, адамдарды кепілдікке алды. Ол полицейлерге өз талабын айтты. Кейіннен банкте адамдарды кепілдікке алған қылмыскердің аты-жөні анықталды. Бұған дейін Kaspi bank бөлімшедегі оқыс оқиғаға қатысты мәлімдеме жасап, тұрғындардан құқыққорғау органдары қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтірмеуді сұрады. Сонымен қоса, ІІМ кәсіби мамандар Каspi bank келушілерін кепілге алған басқыншымен келіссөздер жүргізіп жатқанын мәлім етті. Кейіннен полиция ғимаратқа басып кіріп, қылмыскерді ауыздықтады. Оның ұсталған сәті де жарияланды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚазТАГ видеосынан скрин
Өзгелердің жаңалығы