Банктегі оқыс оқиға: Қылмыскердің ұсталған сәті жарияланды

Полицейлер Астанадағы басып алынған банк бөлімшесіне кірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Видеода кепілге алынғандардың бөлімнен қалай шыққанын көруге болады. 

 Кепілдегі 4 адам босатылды. Қылмыскер ұсталды.

Айта кетсек, Kaspi bank бөлімшелерінің бірінде қаруланған ер адамның есікті құлыптап, адамдарды кепілдікке алды. Ол полицейлерге өз талабын айтты. Кейіннен банкте адамдарды кепілдікке алған қылмыскердің аты-жөні анықталды. Бұған дейін Kaspi bank бөлімшедегі оқыс оқиғаға қатысты мәлімдеме жасап, тұрғындардан құқыққорғау органдары қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтірмеуді сұрады. Сонымен қоса, ІІМ кәсіби мамандар Каspi bank келушілерін кепілге алған басқыншымен келіссөздер жүргізіп жатқанын мәлім етті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан скрин
Өзгелердің жаңалығы