Банктегі оқыс оқиға: Кепілдіктегі адамдардың қазіргі жағдайы қандай?

Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі банктегі оқиға кезінде зардап шеккендердің жағдайына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

18 маусымда ер адам қалалық банкте адамдарды кепілдікке алды. Жараланғандар жоқ. Кепілдікке алынған үш  адамда "күйзеліске қарсы жіті реакция" байқалды. Оларды жедел медициналық көмек қызметінің мамандары толық тексерді. Ауруханаға жатқызуға еш себеп болмады, - делінген басқарма таратқан ақпаратта.

Айта кетсек, Kaspi bank бөлімшелерінің бірінде қаруланған ер адамның есікті құлыптап, адамдарды кепілдікке алды. Ол полицейлерге өз талабын айтты. Кейіннен банкте адамдарды кепілдікке алған қылмыскердің аты-жөні анықталды. Бұған дейін Kaspi bank бөлімшедегі оқыс оқиғаға қатысты мәлімдеме жасап, тұрғындардан құқыққорғау органдары қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтірмеуді сұрады. 

Сонымен қоса, ІІМ кәсіби мамандар Каspi bank келушілерін кепілге алған басқыншымен келіссөздер жүргізіп жатқанын мәлім етті. 

Кейіннен полиция ғимаратқа басып кіріп, қылмыскерді ауыздықтады. Оның ұсталған сәті де жарияланды.

Белгілі болғандай, қылмыскермен келіссөзді Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жүргізген екен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: informburo.kz
Өзгелердің жаңалығы