Банктегі оқыс оқиға: Kaspi ресми мәлімдеме жасады
Kaspi bank бөлімшедегі оқыс оқиғаға қатысты мәлімдеме жасап, тұрғындардан құқыққорғау органдары қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтірмеуді сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазір банк бөлімшесінде тек банк қызметкерлері ғана бар. Клиенттер жоқ. Құқыққорғау органдары қызметкерлерге сес көрсетіп тұрған ер адаммен келіссөз жүргізуде. Ешкімнің зардап шекпеуін қамтамасыз ету үшін полицейлер бар күшін салуда. Осы оқиғаға қатысты қандай да бір ақпарат таратуда жауапкершілік танытып, құқыққорғау органдары қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтірмеулеріңізді сұраймыз. Әрбір жалған ақпарат жағдайдың ушықтырып жіберуі ықтимал, - делінген хабарламада.
Еске салсақ, Kaspi bank бөлімшелерінің бірінде қаруланған ер адамның есікті құлыптап, адамдарды кепілдікке алды. Ол полицейлерге өз талабын айтты. Кейіннен банкте адамдарды кепілдікке алған қылмыскердің аты-жөні анықталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы