Банктегі оқыс оқиға: Кәсіби мамандар қылмыскермен келіссөз жүргізуде

Кәсіби мамандар Каspi bank келушілерін кепілге алған басқыншымен келіссөздер жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Болжам бойынша ол 7 адамды кепілде ұстап отыр. Оқиға орнында "Арлан" арнайы жасағының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Әскери қызметшілер арнайы операцияға тартылған жоқ. Азаматтарды ресми көздерден алынған ақпаратқа сүйенуге, БАҚ өкілдерін тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырамыз. Тәртіп сақшылары елорда тұрғындарынан сабыр сақтауды және құзыретті органдарға өз жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беруді сұрайды, - делінген хабарламада.

Журналист Михаил Козочков қылмыскердің 2013 жылдан бері наркологиялық есепте тұрғанын мәлімдеді. Екі рет түрлі қылмыстық іс бойынша күдікті болған.  

Еске салсақ, Kaspi bank бөлімшелерінің бірінде қаруланған ер адамның есікті құлыптап, адамдарды кепілдікке алды. Ол полицейлерге өз талабын айтты. Кейіннен банкте адамдарды кепілдікке алған қылмыскердің аты-жөні анықталды. Бұған дейін Kaspi bank бөлімшедегі оқыс оқиғаға қатысты мәлімдеме жасап, тұрғындардан құқыққорғау органдары қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтірмеуді сұрады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Egov.press телеграмындағы видеодан скрин
Өзгелердің жаңалығы