Банкроттық туралы заң: Азаматтар наурыздан бастап арыз бере алады

Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» жаңа заңды түсіндіруге арналған семинарда мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Заң ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң күшіне енеді. Яғни қарызы бар азаматтар 2023 жылдың наурыз айынан бастап банкроттыққа арыз бере алады. Заң 3 түрлі – соттан тыс банкроттығы, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдерін қарастырады. Барлық үш рәсімді тек борышкер ғана бастайды, яғни несие беруші немесе өзге кредитор борышкерге қатысты бұл рәсімдерді қолдануға құқығы жоқ, - деп атап өтті ведомство өкілі. 

Айтуынша, бірінші рәсім соттан тыс банкроттық тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолданылуы мүмкін. 

 Бұл рәсімді қолдану үшін келесі шарттар болады:

  1. банктер, микроқаржы ұйымдары мен коллекторлар алдындағы берешек 5,5 млн теңгеден (1600 АЕК) аспаса;
  2. өтініш берген күннен бастап қатарынан 12 ай ішінде міндеттемелері өтелмеуі тиіс;
  3. мүлік, оның ішінде ортақ меншіктегі мүлік жоқ болуы;
  4. банкпен берешектер бойынша жұмыс жүргізу;
  5. банкроттық 7 жыл бойы қолданылмау қажет.

Сонымен қатар заң жобасында 6 ай ішінде атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар үшін, оған қоса, 5 жылдан астам уақыт қарызы өтелмеген азаматтар үшін ерекше жағдайлар қарастырылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы