Банкроттық туралы өтініш: Қай өңір көш бастап тұр?

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов елімізде 100 мыңға жуық адам банкроттыққа өтініш бергенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Вице-министрдің дерегінше, бүгінгі таңда соттан тыс 97 мыңнан астам адамның өтініші қабылданған, алайда 80 мың адамнан өтініші қанағаттандырылмаған.

11,7 мыңнан астам азамат банкрот деп танылды. 25 млрд теңгеден астам есептен шығарылды. Заңға екінші деңгейлі банктермен реттеу бойынша құжат қосымшаларын алып тастау, берешек сомасын және кредиторды көрсетуді талап етпеу, өлшемшарттады кеңейту бойынша өзгертулер әзірленіп жатыр, – деді Ержан Біржанов Қаржы министрілігі ұйымдастырған брифингте.

Республика бойынша банкроттыққа әр аймақтан қанша өтініш түскен?

Алматы облысы - 11482
Алматы қаласы - 8168
Жамбыл облысы - 7681
Туркістан облысы - 12499
Қызылорда облысы - 7202

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы