Банкроттық рәсімдеген азаматтарға қандай шектеулер қойылады?
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов банкроттық рәсімдеген жеке тұлғаға қандай шектеулер қойылатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Банкроттық рәсімдеген азамат әуелі 5 жыл бойы несие алудан шектеледі. Қайтадан банкроттық рәсімдеу үшін арада 5 жыл уақыт өтуі керек. Мысалы, заң жобасы ендігі жылы күшіне енді деп есептейік. Сонда 2023 жылы банкрот деп танылса, қайтадан банкроттық рәсімдеу үшін 7 жыл күтеді. Демек, 2028 жылы ғана қайтадан банкроттық рәсімдей алады, - деді спикер.
Біжановтың сөзінше, банкроттықтан кейін оны рәсімдеген жеке тұлғаның қаржылық жағдайына 3 жыл көлемінде мониторинг жүргізіледі. Сонымен қатар вице-министр жеке тұлғаның банкроттығын оның атынан сенім білдірілген тұлғалар, туған-туыстары рәсімдей алмайтынын ескертті.
Мұндай тәжірибе Еуропа елдерінде бар. Себебі, қасақана банкроттық рәсімдегендерді анықтауға осындай тәсіл қолданылады, - деді Ержан Біржанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетейік, бұған дейін Еркін Біржанов кредит төлей алмаған азамат сотсыз өзін банкрот деп жариялай ала ма? деген сұраққа жауап берген болаты.