5 Қараша 2024, 11:58
Фото: pixabay.com
Банкрот деп танылған азаматтардың 54 млрд теңгеге жуық қарызы кешірілді
Елімізде 17,8 мың адам банкрот деп танылды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Елімізде 17,8 мың адам банкрот деп танылды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгінгі таңда соттың банкроттық рәсімін және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру тәртібін қолдануға 3,5 мыңнан астам азамат жүгінген. 131 борышкерге қатысты банкрот рәсімі жүргізіліп жатыр. Банкроттыққа өтініш берген 45 адам банкрот деп танылып, олар бойынша 13,9 млрд теңгеге жуық қарыз кешірілді. 1 азамат 10 млн теңге сомасымен төлем қабілеттілігі қалпына келтірілуде, 1 азамат бойынша 10 млн теңге сомасымен осы рәсім аяқталды, - деді спикер ОКҚ-да өткен брифингте.
Ахметовтың дерегінше, жалпы екі банкроттық рәсім бойынша 17,8 мың адам банкрот деп танылып, 54,5 млрд теңгеге жуық қарыздары кешірілді.
- Жердің миллиондаған тұрғыны Күннің толық тұтылуын тамашалады 04:25
- Өскеменде жылу тапшылығын азайтатын жаңа энергоблоктың құрылысы басталды 03:38
- Израиль Газа секторына жаңа соққылар жасады 02:25
- Біреудің көлігін металлоломға өткізген: Өскеменде бірқатар қылмыстың беті ашылды 01:35
- 13 тамызға валюта бағамы 00:38
- Қазақстанда Кореяның жетекші технологиялық университетінің филиалы ашылады 12.08.2026
- Шынар Ақпарова Оқу-ағарту бірінші вице-министрі болды 12.08.2026