Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экономист Олжас Төлеуов Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды.

О. Төлеуов ақша-кредит саясатына, макроэкономикаға, экономикалық-математикалық модельдеуге және т.б. қатысты мәселелерге қатысады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебін, сондай-ақ Ұлттық Банктің магистратурасын бітірген.

О.Төлеуов әр жылдары AERC зерттеу және консалтингтік компаниясында жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде бизнес-аналитик позициясынан басқарушы директор лауазымына дейін көтерілді, стратегиялық мемлекеттік және квазимемлекеттік жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуге қатысты.

3 жыл бойы Ұлттық Банктің Зерттеулер және статистика департаментінде жұмыс істеді, онда инфляциялық таргеттеу, экономикалық модельдеу және ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізу мәселелерімен айналысты. Кейінірек барынша танымал және БАҚ-та кеңінен таралған TENGENOMIKA экономикалық телеграм арнасын құрды.

Тағайындалғанға дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ вице-президенті қызметін атқарды, ҚР Президенті Әкімшілігі жанындағы Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторинг орталығының мүшесі.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы