АҚШ-та ер адам банк тонап, ақшасын көшеде шашты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тонаушы көшеде ақшаны шашып, "Рождество құтты болсын" деген тілек айтты. Содан соң кофеханаға барды. 

Американың Колорадо-Спрингс қаласында ер адам банк тонап, көшеде ақша шашты. Сондай-ақ, көшеде "Рождество құтты болсын!" деп айғайлады. Бұл туралы The Hill басылымы жазады.

Оқиға 23 желтоқсан күні кешке болған. Куәгерлердің айтуынша, 65 жастағы Дэвид Оливер рождестволық тілек айтқаннан кейін жақын жердегі кофеханаға кіріп, полицияны күткен, - делінген хабарламада.

Құқыққорғаушылардың сөзінше, ер адам тұтқындау кезінде еш қарсылық көрсетпеген және оның қасында қару болмаған.

Ал тұрғындар жердегі ақшаны жинап, банкке қайтарған. 

Ұрланған ақшаның сомасы белгісіз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы