Банк секторлары қойып отырған міндеттер әйел қауымы үшін ыңғайсыз – кәсіпкер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі банк секторлары қойып отырған міндеттер әйел қауымы үшін шаруаны дөңгелетуге мүмкіндік бермейді. Бұл туралы Атырау облысының Ауыл әйелдері форумында Индер ауданынан қатысқан кәсіпкер Ақжібек Керімбайқызы айтты.

Жастайынан еңбекті жанына серік еткен ата-анам 1994 жылдан бастап кәсіпкерлікпен айналыса бастады. Алдымен наубайхана ашып, нан пісіріп, сатумен айналысты. Отбасының бизнеске араласуы бізді үлкен мұратқа жетеледі. Мен кәсібімді ғана жетілдіріп қоймай, қоғамдық шараларға да қатыса бастадым. Отанық бизнесті дамыту - мемлекеттің басты мақсатының бірі. Мемлекет басшысы өз Жолдауында орта бизнеске де ерекше назар аудару керегін айтты. Президенттің «нарықта табысты болудың негізгі көрсеткіші орта бизнестің өркендеуімен өлшенеді» деуі орта бизнестің нарықтағы өміршеңдігін көрсетеді, - деді ол. 
Керімбайқызы атап өткендей, қазір өз кәсібін ашқысы келетін ауыл әйелдері өте көп. 
Әсіресе, көп балалы әйелдерге қаржы институттарынан жеңілдетілген пайызбен несие беру мәселесі шешілсе дейміз. Қазіргі банк секторлары қойып отырған міндеттер әйел қауымы үшін шаруаны дөңгелетуге мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар  жасыл экономиканы дамыту бастамасына сай, жаңа мамандыққа бейімдеп, біліктілілікті арттыратын орталықтар ұйымдастырылса дейміз, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы