Банк картасын басқаға беру – енді тек қауіп емес, қылмыс
Қазақстанда банк картасын үшінші тұлғаларға бергені үшін жауапкершілік енгізілді.
Ішкі істер министрлігі дербес деректерді қорғауға және қаржы қызметі саласындағы қауіпсіздікті арттыруға бағытталған Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасындағы маңызды өзгерістер туралы ескертеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қылмыстық кодекстің жаңа 232-1 бабында өзінің банктік деректемелерін үшінші тұлғаларға бергені үшін, сондай-ақ материалдық сыйақы немесе мүліктік сипаттағы пайда үшін немесе оларды алу мақсатында үшінші тұлғаның мүддесі үшін я болмаса пайданы көздеп, төлемдер немесе ақша аударымдарын жүзеге асырғаны үшін қылмыстық жауаптылық енгізілді, - делінген хабарламада.
Алаяқтар берілген деректерді қылмыстық кірістерді қолма-қол ақшаға айналдыру немесе басқа азаматтарды алдау үшін пайдаланады.
Көп жағдайда зардап шеккендер өздерінің қылмысқа қатысушы екенін түсінбейді.
Есіңізде болсын: жеке және банктік деректер жай ғана ақпарат емес, бұл сіздің мүлкіңіздің, қауіпсіздігіңіздің және заң алдындағы жауапкершілігіңіздің кілті, - деп ескертті ІІМ.
ІІМ қазақстандықтарға бірнеше ұсыныс жасады:
- ешқашан банктік деректеріңізді үшінші тұлғаларға бермеңіз;
- картаңызды немесе шотыңызды беру арқылы "оңай ақша табуға" келіспеңіз;
- күдік туындаған жағдайда банкке немесе құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.
- Қазақстанда жыл соңына дейін 2 мың шақырымнан астам жолдың орташа жөндеуі аяқталады 09:45
- Алматы облысында 31 канал жаңғыртылды: 5 мың гектар жердің суару мәселесі шешіле ме? 09:27
- Онлайн бақылау, sms: Бүгіннен бастап қазақстандықтар жедел жәрдемнің қай жерде келе жатқанын көре алады 09:11
- Қазақстанда 17,1 мың шақырым электр желісі жөнделді 08:54
- Бүгін еліміздің сегіз қаласында ауа сапасы нашарлайды 08:32
- Алматыда интернет арқылы танысып, адамдарды тонаған қылмыстық топтар ұсталды 08:11
- Трамп: Путин мен Зеленский Украинадағы соғысты тоқтату үшін кездесуі керек 07:49