Елімізде банк депозиттерін долларсыздандыру жалғасуда

Алматы, BAQ.KZ. ҚР Ұлттық банктің соңғы деректері бойынша, жеке тұлғалардың ұлттық валютада салған депозиттері 8,8%-дан 9,2%-ға дейін өсті, ал шетел валютасында керісінше 1,4%-дан 1,3%-ға дейін төмендеді. Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы хабарлады.

Қауымдастықтың мәліметінше, жыл басынан бері халықтың ұлттық және шетел валютасындағы депозиттері бойынша мөлшерлемелердің жан-жақты өскені байқалады. Сонымен қатар, депозиттерді долларландыру деңгейі 43,1%-дан 42,3%-ға дейін түсіп, төмендеу көрсфеткіші жалғасқан.


Сондай-ақ, базалық мөлшерлеменің және Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКҚ) соңғы шешімдерінің сақталуы аясында ақпан айында банктердің теңгелік, сонымен бірге долларлық депозиттер бойынша баға ұсыныстары іс жүзінде өзгермеген. 

3 ақпанда ҚР Ұлттық банкі 2020 жылы базалық мөлшерлеме бойынша алғашқы шешім қабылдап, оны жылдық 9,25% деңгейінде сақтап қалды. Өз кезегінде ҚДКҚ 12 айға мерзімді депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелерді толықтыру құқығымен – жылдық 11,1%-дан 10,7%-ға дейін және толықтырусыз – жылдық 11,6%-дан 11,2%-ға дейін төмендетуді жариялады, - делінген хабарламада.

Осылайша, жедел емес депозиттер үшін ұлттық валютада 12 ай мерзімге салудағы жоғарғы мөлшерлеме 9,8% құрайды. Жедел депозиттер бойынша - 10,7% (-0,4%), толықтырусыз – 11,2% (-0,4%), толықтырумен жинақ бойынша –13,0% (өзгерген жоқ), толықтырусыз – 14,1% (өзгерген жоқ) құрайды. Сонымен қатар, орналастыру мерзімі 12 айды құрайтын долларлық депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелер жылдық 0,8-2,0% шегінде өзгерген.

Ақпан айының қорытындысы бойынша елдегі инфляция жылдық 6,0%-ға дейін (қаңтар – 5,6%) төмендеп, ҚР ҰБ нысаналы дәлізінің жоғарғы шекарасына 4-6%-ға жақындады. Тауарлар мен қызмет бағасының жылдам өсуі жақын болашақта Ұлттық банктің ықтимал контрмерлері үшін негіз болады. Базалық мөлшерлеменің өзгерістері мерзімді емес депозиттер бойынша баға ұсыныстарына әсер етеді, - делінген хабарламада.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы