Қазақстандықтардың банк алдындағы қарызы 621 млрд теңгеге жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтардың банктерге несие бойынша қарызы 621 млрд теңгеге жетті.
Ұлттық банктің мәліметінше, 2020 жылдың 1 қаңтарында тұтынушылық мақсаттарға 4,3 трлн теңге бөлінген. Сонымен қатар, заңды тұлғаларға қарыздар – 4,1 трлн теңгеден, ал жеке тұлғаларға – 6,3 трлн теңгеден асты.
Оның ішінде жеке тұлғалардың мерзімі өткен қарыздары бар кредиттер көлемі (90 күннен астам) – 408,2 млрд теңгеге, заңды тұлғаларда – 212,7 млрд теңгеге жетті.
Осылайша, жалпы қарыз сомасы – 621 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 5,2% немесе 30,6 млрд теңгеге өсті.
Сонымен бірге, бір күннен 90 күнге кешіктірілген жеке тұлғаларға берілген несие көлемі – 220 млрд теңгені, заңды тұлғаларда – 214 млрд теңгені құрады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбеде ажырасу саны артқан
Өзгелердің жаңалығы