Бангладеште жаңбыр суына миллиондаған адам батып жатыр

Бангладеште адамдар күшті нөсер салдарынан қиын жағдайға тап болды, деп хабарлайды BAQ.KZ әл-Жазира басылымына сілтеме жасап.

Бангладештің шығысында қатты нөсер соңы су тасқынына ұласып, электр желісін, коммуникация мен жолдардың жабылуына әкелген. Салдарынан 4 млн-нан астам адам тығырыққа тіреліп, кем дегенде 15 адам қаза тапқан.

Бангладештің кейбір аудандарында су тасқынына ұласқан жаңбырдан соң су басқан елдімекендердің тұрғындарын эвакуациялауға күш жұмсалып жатыр.

190 мыңдай адам уақытша орналастыру бекеттеріне орналастырылса, су тасқынынан елдегі 64 округтің 11-і зардап шекті.

170 млн халқы бар Оңтүстік Азия мемлекеті аумағында жүздеген өзен ағып өтіп, соңғы онжылдықта су тасқынынан жиі зардап шегуде. Қиын жағдайда қалған халыққа әскер мен флот, сондай-ақ катерлер мен тікұшақтар көмекке жіберілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: aljazeera.com
Өзгелердің жаңалығы