Бангладеште қызылшаның өршуінен көз жұмған балалар саны 779-ға жетті
Соңғы 24 сағат ішінде елде қызылшаны жұқтырудың 974 жаңа жағдайы тіркелді.
Бангладеште жалғасып жатқан қызылша індетінен көз жұмғандар саны артып, соңғы тәулікте қызылшаға күдікті тағы 8 бала қайтыс болғаннан кейін жалпы саны 779-ға жетті.
Dhaka Tribune газетінің хабарлауынша, Бангладеш Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Денсаулық сақтау бас басқармасы (DGHS) соңғы 24 сағат ішінде қызылша белгілері байқалған 8 баланың көз жұмғанын мәлімдеді.
Соның ішінде қызылшаға байланысты болуы мүмкін деген күдікпен тіркелген өлім-жітім саны 684-ке жетсе, зертханалық талдаумен расталған қызылшадан болған өлім саны 95-ті құрады.
Соңғы 24 сағатта қызылшаға күдікті тағы 974 жаңа жағдай тіркеліп, ел бойынша мұндай жағдайлардың жалпы саны 115 138-ге жеткен.
Бангладеш үкіметі қызылшаға күдікті көптеген баланың қаза табуына байланысты 7 сәуірде жаппай шұғыл вакцинация науқанын жүргізу туралы шешім қабылдады.
Пневмония мен энцефалопатияға әкелуі мүмкін қызылша – вакцина салу арқылы алдын алуға болатын, әлемдегі өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі саналады.
- Мемлекет басшысы Колумбия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады 16:02
- Тазалыққа бастар жол – өзіңнен басталады: Астанада эко-сенбілік өтті 16:00
- Астаналықтар Олимпиада чемпиондарымен бірге 10 мың қадам жүрді 15:51
- «Таза Қазақстанға» 1 миллионнан астам жас қатысты 15:50
- Алматы әуежайында жолаушы түсірген таксистерге жаппай айыппұл салынып жатыр ма? Полиция жауап берді 15:43
- «Lotus Fest-2026»: Биыл фестивальге 10 мыңға жуық турист келеді деп күтілуде 15:35
- Құрылтай сайлауы: Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық теледебат өтеді 15:31