Бангладеште елі жолаушысы бар паром батып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бангладеште екі кеменің соқтығысуынан бортында 50 жолаушысы бар паром суға кетті, деп жазды korrespondent.net. 

Соңғы мәліметтер бойынша бес адам көз жұмды, қалғандары іздестірілуде. Алайда ауа райы іздеу жұмыстарына айтарлықтай кедергі келтіруде. 

Оқиға кеше кешкі сағат алтыларда Нараянгандж қаласының жанындағы Шиталакшья өзенінде болды. Дауыл салдарынан құтқарушылар іздестіру жұмысына бірден кірісе алмаған. Қанша адамның жоғалғаны белгісіз. 10-12  адам жағаға өздігімен шыққан. Бес адамның көз жұмғаны анықталды. Қазір іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы