Бангкоктағы жер сілкінісінен қанша адам қаза тапты?

Бангкоктың губернаторы Тавида Камолведж 28 наурызда болған жер сілкінісінен қаза тапқандардың санын атады, деп хабарлайды BAQ.KZ The Thaiger-ге сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта 10 адам қаза тауып, 16 адам жараланғаны айтылуда. Тағы да 101 адам хабар-ошарсыз кеткен.

Қаза тапқандардың басым көпшілігі, яғни 8 адам Чатучаке ауданындағы зәулім ғимараттың астында қалған.

Тағы бір адамның денесі Банг Сью ауданынан табылды. Тұрғынның үстіне жер дүмпуінен кран құлап кеткен.

Іздестіру-құтқару жұмыстары әлі де жалғасуда. Қала жоғары дайындық күйінде отыр. Билік тұрғындар мен туристерді зардап шеккен аудандардан алыс жүруге шақырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: AP/Sakchai Lalit
Өзгелердің жаңалығы