Балықшылар балықты құтқару шараларына қатыса алады
Ертіс өңірінде балық қырылып қалуы ықтимал 50-ге жуық су тоғаны тізімге алынған. Қазіргі уақытта су маржандарын құтқару шаралары басталып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.
Мамандар бірінші кезекте судағы оттегі көрсеткіші төмен су айдындарын барлады. Солардың қатарында Павлодар ауданына қарасты Черное көлі бар. Қазіргі уақытта көлшіктің ортасындағы тереңдік екі метрді құрайды. Ал оттегі көрсеткіші тым төмен болып шықты.
Зайсан-Ертіс облысаралық бассейн инспекциясының бас маманы Василий Павловтың айтуынша, бұл көлде бағалық балық түрлері тіршілік етеді. Жақын маңдағы ауыл тұрғындары жыл сайын балық аулайды.
Балық қырылуын алду алу шаралары жыл сайын жүргізіледі. Өңірде толық мұз басып, қатып қаладық көлшіктер өте көп. Ондағы балықтар қыста тұншығып қалуы әбден мүмкін. Біз мұзды жарып, суға оттегі жібереміз. Сонымен қатар, шұңқыршалар қазып қоямыз. Сонда балықтарға ауа жетеді. Өкііһнішке қарай, бұл іске жергілікті балықшылар жауапсыздық танытып отыр. Оларға мемлекет тарапынан 5 келі аулауға рұқсат бар. Осындай кезде бізге қолғабыс жасаса, жақсы болар еді. Шағын шұңқыршаларды қазып кету қиын емес сияқты. Есесіне, балықтар аман болар еді, - дейді Василий Павлов.
Айта кетейік, үш жыл бұрын Черное көлінде балықтардың өліп қалу деректері тіркелген. 15 келідей өлексе шығарылған болатын.
Бірнеше сағат ішінде көлде 50-ден астам шұңқыр пайда болды. Шарадан соң ғылыми топ өкілдері судағы оттегі деңгейін өлшеді. Мамандардың айтуынша, көрсеткіш айтарлықтай артты. Енді алаңдауға негіз жоқ.
Қырылуды алдын алу шаралары ақпан, наурыз айларында өткізіледі. Екі ай ішінде көптеген шағын көлдер назарға алынады.