Балық шаруашылығы: 10 айда 16 мың тонна балық экспортталған

Бұл туралы Үкімет отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Балық өсіру саласы жұмыспен қамтудың маңызды салалардының бірі. Балық шаруашылығында негізгі екі бағыттағы қызмет бар – балық аулау және балық өсіру, - деді Брекешев.

Министрдің атап өтуінше, биыл 10 ай ішінде балық шаруашылығында ауланғаны – 42,6 мың тонна, өсірілгені – 14,1 мың тонна, экспорт – 16 мың тонна, импорт – 32 мың тонна.

Балық шаруашылығы саласының даму нүктесі - балық өсіру. Былтыр сәуірде Үкімет Балық саласын дамыту бағдарламасын қабылдады. Нәтижесінде 2030 жылға дейін балық өсіру - 270 мың тонаға, балық өнімдерін ішкі тұтынуды - 134 мың тонаға ұлғайту, импорт көлемін 45 мың тоннадан 25 мың тоннаға дейін азайту жоспарланып отыр, - деді Серікқали Аманғалиұлы

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы