Балық аулайтын ер адамдардың психикалық денсаулығы жақсы болады

Ер адамға ұсталған балықтан гөрі Қармақ тастау процесі көбірек пайда әкеледі. Англиялық ғалымдардың зерттеу жұмыстарына сәйкес балық аулауды хобби еткен ер адамдардың психикалық денсаулығы анағұрлым жақсы болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы «Эпидемиология» журналында жазылған.

Зерттеу жүргізгендер 1700-ден астам ер адамнан олардың балық аулау хоббиіне қатысты, жалпы физикалық жағдайына, психикалық ауруларының бар-жоғы туралы сауалнама өткізіп, бірқатар сұрақ қойған. 

Үнемі балық аулаумен айналысатын сауалнама қатысушыларының балықты сирек аулайтындарға қарағанда психикалық ауруларға шалдығу ықтималдылығы 17%-ға төмен болған.

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес балық аулай отырып адам "екі бірдей қоянды" атады. Біріншіден балық аулау адамның демалуына септессе, екінші жағынан психикалық денсаулығын жақсартады. Бұдан бөлек психикалық денсаулығында проблемалары бар адамдардың физикалық белсенділігін арттырады, - дейді ғалымдар. 

Бұл ретте ғалымдар балық аулаудың денсаулыққа пайдасына спирттік ішімдікті қолданбағанда ғана қол жеткізуге болатынын айтады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы