Балық аулап, бас бостандығын шектеді

Түркістан облысында заңсыз балық аулаған браконьерлер 6 жылға сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өткен жылы «Уылдырық» шарасы кезінде полицейлер Арыс өзенінде заңсыз балық аулау фактісін анықтаған еді.

Тәртіп сақшылары екі браконьерден қайық, электр қуатын күшейткіш құралдармен заңсыз ауланған 150-ге жуық балық тәркіледі. Оның ішінде 50-ге жуығы ҚР Қызыл кітабына енгізілген «Түркістан қаязы» болып шықты.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 335-бабы бойынша тіркеліп, жинақталған материалдар сотқа жіберілді. Нәтижесінде сот қаулысымен заңсыз балық аулаған екі тұрғынға қатысты 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: caspianlife.kz
Өзгелердің жаңалығы