Балықты заңсыз аулаған тұрғын өз кінәсін мойындады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тоғыз келі балықты заңсыз аулаған тұрғын өз кінәсін мойындады, деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылғы 6 қаңтарда Еңбекші ауданы Полиция басқармасы №52 учаскелік полиция пунктінің инспекторлары жедел-іздестіру іс-шаралары барысында құқық бұзушының жеке басын анықталды.
Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігі (Әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзімдерде, тыйым салынған құралдармен немесе тәсiлдермен, тыйым салынған жерлерде балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ өрескел бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Полиция балық аулауға арналған 30 метрлік торды тәркіледі. Азамат 2020 жылдың 14 желтоқсанында Маятас елді мекенінің жанындағы Бадам су қоймасында балық аулау желісінің көмегімен заңсыз балық аулағанын айтып, өз кінәсін толық мойындады. Заңсыз ауланған балықтың жалпы салмағы тоғыз келі.