Балықшылар көлігі Бұқтырмаға түсіп кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұқтырма су қоймасында мұз жарылып, көлік түсіп кеткен. ШҚО ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.
14 ақпанда Көкпекті ауданы, Бұқтырма су қоймасының жағасындағы Табанды қара учаскесінде автокөлік жартылай мұз астына түсіп кеткен. Абырой болғанда көліктің ішіндегі 4 балықшы шығып үлгерген. Зардап шеккен ешкім жоқ.
Дегенмен Төтенше жағдайлар қызметі қысқа балыққа барған жағдайда мұздың қалыңдығын біліп алмай үстіне шықтауға кеңес береді.
Себебі мұздың қалыңдығы әр жерде әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы қамыстың маңайында мұз тым жұқа болып келеді, - дейді ШҚО ТЖД.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ауа райына байланысты 7 облыста ескерту жарияланды
Өзгелердің жаңалығы