Балық шаруашылығын дамыту - басым міндеттің бірі – Махамбет Досмұхамбетов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балық шаруашылығын дамыту мен браконьерлікпен күрес шараларының маңыздылығы басты назарда. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов халық алдындағы есептік кездесуінде айтты.
Өткен жылы өңірде 15 464 тонна балық аулауға квота бөлінген. Квота көлемі 84,7%-ке игерілді. 2020 жылы бұл көрсеткішті 95%-ке жеткізу жоспарланып отыр.
2019 жылы Жайық өзеніне 7,5 млн бекіре тұқымдас балықтардың шабағы жіберілген. Бекіре зауытының жұмысы – бағалы балық қорының өсіп-өнуін арттыру және оны құрып кетуден сақтау.
Жиында аймақ басшысы балық шаруашылығы басқармасына экономиканың осы саласына тыңғылықты жоспар жасауды тапсырды.
Бұл жұмыста браконьерлікпен күрес маңызды рөл атқарады. Мемлекет басшысы бұл міндетті жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында жүктеді. 2019 жылы браконьерлік фактілері бойынша 1500-ге жуық әкімшілік және қылмыстық іс қозғалды. 287 адам сот арқылы жауапқа тартылды, - деді аймақ басшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ұлттық банк 2000 теңгелік банкнотқа қатысты мәлімдеме жасады
Өзгелердің жаңалығы