Балтық теңізінде екі кеме соқтығысты

Астана, BAQ.KZ. Апат салдарынан 15 адам түрлі дене жарақатын алды. Бұл жөнінде Корреспондент порталы хабарлады.

 
Сейсенбі күні Балтық теңізінде екі кеме соқтығысып қалды. Апат салдарынан кемінде 15 адам түрлі дене жарақатын алды. 

Қазіргі уақытта 4 адамның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. 

Хабарланғандай, апат Raba жүк кемесі және World Bora жылдам қозғалатын кемелері  соғысқан. Оқиға неміс аралы Рюген жағалауында орын алған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы