Автобусқа балтамен шабуыл жасаған ер адам ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талдықорғанда ер адам жолаушылар автобусына балтамен шабуыл жасады.
Бұл туралы Instagram әлеуметтік желісіндегі Тaldykorganec_ka парақшасында жарияланды.
Жазба авторының сөзінше, оқыс оқиға 6 желтоқсанда таңғы 7:00 шамасында Талдықорған қаласына қарасты Еркін ауылында болған.
№ 26 мектептің маңындағы аялдамада ер адам балтамен автобустың терезелерін сындырған. Автордың сөзіне сүйенсек, жүргізуші мен жолаушылар зардап шеккен жоқ.
Полиция мәліметіне сәйкес, ер адам екі күннен кейін құрықталған. Құқық қорғау органдарының мамандары тексеру барысында оқиғаның соңғы аялдамада болғанын анықтаған. Бірнеше адам осы оқиғаның куәгері болған.
Осы суреттер мен ақпарат әлеуметтік желіде таралып кетті. Осыған байланысты құқық қорғау органдары тұрғындарды сабырға шақырды, осы іске қатысты қылмыстық тергеу шаралары басталған. 8 желтоқсанда Талдықорған полицейлері күдіктінің кім екенін анықтады. Ол қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Күдікті психикалық ауытқуы бар 49 жастағы ер адам, ресми түрде медициналық есепте тұр. Куәгерлер де оны таныды. Балта да табылып, тәркіленді, - деді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері.
Полицейлердің айтуынша, күдіктінің әрекеті қылмысқа жататын болғандықтан, ол өңірлік психоневрологиялық диспансерге жатқызылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы