Балшыққа батып қалған: Маңғыстау облысында 4 адам құтқарылды

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында, Тұрыш ауылы маңында Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жол талғамайтын көлік балшыққа батып қалып, қозғалысты жалғастыра алмаған. Көліктің ішінде төрт адам болған.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар арнайы техниканың көмегімен автокөлікті қауіпсіз әрі тазартылған учаскеге сүйреп шығарды.

Құтқарылған азаматтарға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы