"Балқаштағы жарылысқа" қатысты әкімдік түсінік берді
Әлеуметтік желілерде автомобиль жолындағы жарылыстың видео тарады. Кадрлар Балқашта түсірілгені туралы айтылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
stopfake.kz бұл ақпараттың растығын анықтап көрді.
Балқаш әкімдігі жарылыс туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Балқашта да, оның маңында да жарылыс болған жоқ, қала тыныш, - деді Балқаш әкімінің баспасөз хатшысы Темірлан Игембай.
Видео авторы түсірген жарылыс – бұл жолды реконструкциялау аясындағы жоспарлы жұмыстар.
"Балқаш-Бурылбайтал" автожолының, лот-3, 1955-2005 шақырым бөлігін қайта құру учаскесінде жобаға сәйкес бұрғылау-жару жұмыстары жүргізілді. Бұл учаскеде жартасты топырақта қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деп түсіндірді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ыстықтан қалай қорғану керек
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы