Балқаштағы демалыс орындарының бірінде демалушылар жаппай уланды

Балқаштың танымал демалыс орындарының бірінде демалушылар жаппай уланып, ауруханаға жеткізілген. Сырқаттанған 14 адамның 9-ы бала, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ішек инфекциясын жұқтырғандар Балқаштағы танымал, қымбат демалыс орнында 11-13 тамыз аралығында демалыстарын өткізген. 

Бөлмеде кәріз исі болды.  Кейін су сөніп, кешкі ассыз қалдық. Әжетханаға бара алмайсыз, душ қабылдай алмайсыз. Ал таңғы ас үшін кезекте 20-40 минут тұру керек болды. Демалушылардың көптігінен швед үстеліндегі тамақ жетпеді, тәрелке, шанышқа, қасық сияқты ыдыстар жетіспеді. Тамақтанатын жерде ауа жоқ, біздің алдымызда кезекте тұрған қыз бала есінен танып құлады. Демалыстық соңғы күні 7 жасар сіңілімнің температурасы 39,5 градусқа көтерілді. Одан кейін іші өте бастады. Сосын күйеуімнің де температурасы 39,5-ке жетті, ұлым мен қызым да өзін жайсыз сезіне бастады. Олардың да температурасы қатты көтеріліп, іштері өтті, - деп жазды демалушылардың бірі әлеуметтік желіде. 

Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы Балқаштың көпсалалы ауруханасына 5 ересек, 9 бала улану белгілерімен жеткізілгендігін растады. 

Балқаш қаласының Көпбейінді ауруханасы Инфекциялық бөліміне 14 адам (5 ересек, 9 бала) жеткізілді. Балалар мен ересектердің жалпы жағдайы улану белгілеріне байланысты орташа ауырлық дәрежесінде. Науқастарға тексеру және емдеу тағайындалды, ауруханаға жатқызудан бас тартуына байланысты динамикалық бақылау палаталарына орналастырылды. «Ішек инфекциясы» диагнозымен инфекциялық стационарға түскен науқастарға қатысты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына шұғыл хабарламалар жіберілді, -дейді облыстық денсаулық басқармасының ресми өкілі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы