Балқашта қала жағалауы абаттандырылады
Биыл Балқашта қала жағалауы абаттандырыла бастайды. Жағалау аумағында жаңа аллеялар, балалар ойын және спорт алаңдары, велосипед жолы, тротуарлар пайда болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Негізгі аллеяның ені 6–7 метр, тротуарлардың ені 2–4 метр болады. Жаңа алаңдарда сұр және қызғылт сары түсті бетон плиткалары пайдаланылады.
Абаттандыру жұмыстары сәуір айында басталады. Және олар екі кезеңде өтеді.
Абаттандырылған жағалау – бұл инвесторларды, туристер мен демалушыларды тарту, оқиғалы туризмді дамыту үшін маңызды құрамдас бөліктердің бірі. Жағалауды абаттандыру шеңберінде көк, ақшыл көк, ақшыл сары және жасыл түсті резеңке-каучук жабыны бар балалар ойын және спорт алаңдарын жабдықтау жоспарлануда. Балалар ойын кешендері әр түрлі жас топтарына арналған. Боялған асфальтбетон жабыны мен велосипед тұрағы бар ені үш метр заманауи велосипед жолы пайда болады, – деді Балқаш қаласының ТКШ бөлімінде.
Сондай-ақ, жағалауда шағын архитектуралық формалар, көлеңкелі галереялар, самалжайлар, перголалар, саябақтағы ағаш орындықтар, бетон негізіндегі орындықтар, урналар, мүсіндер, ағаш әткеншектер, спорттық жабдықтар мен көше тренажерлері, субұрқақтар орнатылады.
Қалалық жағажайдың жағалау аймағын абаттандырудың негізгі қағидасы қалалық ортаның экологиялық аймағын қорғау және сақтау және Балқашта туризмді дамыту болып табылады, онсыз жобалау және құрылыс жұмыстары жүзеге асырылмауы тиіс, – деп атап өтті ТКШ бөлімінде.