Балқашта мектептерге қауіп төніп тұрғаны туралы хабарламалар тарауда

Әлеуметтік желілер мен Telegram-арналарда Балқаш мектептеріне қауіп төніп тұрғаны туралы хабарламалар тарауда. Қарағанды облысының ПД бұл ақпарат шындыққа жанаспайтындығы туралы ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қарағанды облысының полиция департаменті Балқаш қаласында әлеуметтік желілер мен Telegram-арналарда тараған мектептерге жарылғыш зат қойылды деген ақпаратты жоққа шығарды.

Ведомствоның мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Жалған мәлімет тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

– Әлеуметтік желілер мен Telegram-арналарда Балқаш қаласындағы мектептерге жарылғыш заттар қойылды деген қауесеттер таратылуда. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтындығы туралы ресми түрде мәлімдейміз. Жалған мәлімет тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық білім беру мекемелері полиция қызметкерлерімен тексерілді. Ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ. Қазіргі уақытта жалған ақпарат таратқан адамдарды анықтау және ұстау үшін ауқымды жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде, – делінген ресми хабарламада.

Қарағанды облысының полиция департаменті терроризм актісі туралы әдейі жалған хабар таратқаны үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Құқық қорғаушылар Балқаш қаласының тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтауға, арандатушылыққа ермеуге және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы