Бүгiн 2026, 19:46
Фото: Жетісу облысының әкімдігі
Балқашта балықшылар бақылауға алынды: көлде патруль күшейтілді
Құтқарушылар балықшыларға судағы қауіпсіздік ережелерін күн сайын түсіндіріп жатыр.
Қарағанды облысындағы Балқаш көлінде құтқарушылар қауіпсіздік шараларын күшейтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖД бөлімшелері күн сайын су айдынын жүзу құралдары мен арнайы техниканың көмегімен патрульдеп жүр.
ТЖМ құтқарушылары рейдтер өткізіп, балықшылармен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Оларға суда жүру ережелері мен қауіпсіздік талаптары еске салынып жатыр.
Ведомство мәліметінше, өткен жылы Балқашта 486 профилактикалық рейд өткізілген.
ТЖМ су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.