22 Қараша 2026, 10:49
Фото: istockphoto.com
Балқашта балық аулауға кеткен ер адам 24 шақырым жерден табылды
Қайық қозғалтқышы істен шыққандықтан, балықшы жағаға өздігінен жете алмай, құтқарушылардың көмегіне жүгінген.
Жамбыл облысында моторлы қайықпен балық аулауға шыққан 45 жастағы ер адам белгіленген уақытта оралмаған. Осыдан кейін оның жоғалғаны туралы хабарлама 112 пультіне түскен.
Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды. Ер адам көлдің жағасынан 24 шақырым қашықтықтағы акваториядан табылған.
Белгілі болғандай, моторлы қайықтың қозғалтқышы істен шығып, балықшы жағаға өздігінен жете алмаған.
ТЖМ мәліметінше, ер адам зардап шекпеген және медициналық көмекті қажет етпейді.