Балқашта 15 жасар жеткіншек әкесінің көлігімен адам қақты

Оқиға Балқаш қаласында 26 сәуірде түнгі 12:00 шамасында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

15 жастағы жергілікті тұрғын әкесіне тиесілі Volkswagen Passat көлігінің кілтін алып, қаланы аралауға шыққан. Абай-Сәтбаев көшелерінің қиылысында жасөспірім жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан 19 жастағы жігітті қағып кеткен.

Зардап шеккен ер адамның аяғы сынып, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Көлік айып алаңына сүйреп апарылды.

Ekaraganda.kz қазір Балқаш полициясы кәмелетке толмаған баланың көлік тізгініне отыруының мән-жайын анықтап жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: proled.kz
Өзгелердің жаңалығы