Балқашқа төніп тұрған қауіп жоқ - Тимур Жантикин

Балқаш көлі буланып кетеді деген сөз түсініспеушіліктен пайда болған. Мұндай пікірді «Қазақстандық Атом электр станциялары» ЖШС Бас директоры Тимур Жантикин білдірді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы «АЭС –дұрыс таңдау» ғылыми пікір алмасу жиынында айтылды. 

 Атом электр станциясын саларда Балқашқа төніп тұрған қауіп жоқ. Көлдің суы буланып кетеді деген жел сөз пайда болды. Бұндай әңгіме түсінбеушіліктерден пайда болды деп айтар едім. Себебі атом электр станциясында су екі жерде қолданылады. Біріншісі - ішкі айналымда, екіншісі - сыртқы айналымда. Ішкі айналымда су шықпайды. Кірген су ішіне жел береді. Ал сыртқы айналым кәдімгі көмір, отын жағатын станциямен бірдей. Су булану бар, бірақ артық булану жоқ. Электр энергетикасы саласындағы күрделі ахуал ел экономикасы мен бизнесінің дамуына кедергі келтіреді. Жаңа ірі жобалар, өндіріс орындары мен кәсіпорындар іске қосыла алмайды. Ал қолданыстағы зауыттар күні кешегі Маңғыстау мен Атыраудағы сияқты апаттық ажыратудан зардап шегіп, қыруар шығынға батады. Бұл отандық өнімдердің жаһандық нарықтағы бәсекеден ұтылуына, шетелдік ірі тұтынушыларын жоғалтуына әкелмек, - дейді Тимур Жантикин.

АЭС құрылысы барысында жаңа жұмыс орындары ашылады. Ең бастысы, 60 жылдан астам уақыт бойы тұтынушылар сенімді, тұрақты энергиямен қамтамасыз етілмек.

Біз электр энергетика саласының дамуы аясындағы атом энергетикасы, АЭС орнату аймағын таңдау, реакторлар, жобаны іске асыру схемасы мен механизмдері, кадрлар және сын-қатерлер мәселесін қарастырдық. Қытай, Корея, Ресей, АҚШ және Франциядан – 6 вендордан техникалық-коммерциялық ұсыныстар келіп түсті. АЭС салу мәселесінде Қазақстан Үкіметі ең алдымен қауіпсіздік пен экономикалық параметрлерді ескереді, одан кейін маңызды шешімдер қабылданады. АЭС құрылысының басымдықтарына тоқталатын болсақ, жыл сайын АЭС-тің 1 000 МВт жұмысы парниктік газ шығарындыларын 4 млн тоннаға дейін азайтады. Яғни, парник әсері төмендейді. АЭС құрылысы барысында жаңа жұмыс орындары ашылады. Ең бастысы, 60 жылдан астам уақыт бойы тұтынушылар сенімді, тұрақты энергиямен қамтамасыз етіледі, - деді «Қазақстандық Атом электр станциялары» ЖШС Бас директоры Тимур Жантикин.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы