Балқаш жағалауындағы заңсыз жер телімдері мемлекетке қайтарылды
Коммерциялық мақсатта берілген жерлер жарамсыз деп танылды.
Жетісу облысында Балқаш көлі маңындағы жер телімдерін заңсыз беру фактілері анықталып, сот шешімімен мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оны Жетісу облысы Жер ресурстарын басқару комитеті аумақтық департаменті Сарқан ауданы әкімдігіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізу барысында анықтаған.
Тексеру нәтижесінде Балқаш көліне жақын орналасқан су қорғау аймағында жалпы ауданы 12 гектар болатын 24 жер учаскесінің жер заңнамасы талаптарын бұза отырып, коммерциялық мақсатта берілгені белгілі болды.
Мамандардың айтуынша, су қорғау аймақтарында жер пайдалану тәртібі ерекше бақылауда болуы тиіс. Себебі бұл аумақтар табиғи экожүйені сақтау үшін стратегиялық маңызға ие.
Аталған заңбұзушылықтарға байланысты департамент Сарқан аудандық сотына талап арыз түсіріп, әкімдік қаулыларын және жер телімдерін сату-сатып алу шарттарын жарамсыз деп тануды сұраған. Сот талапты толық қанағаттандырды. Нәтижесінде 24 жер учаскесі,жалпы көлемі 12 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Бұған дейін Алматының Медеуіндегі 17 млрд теңгелік жер мемлекетке қайтарылғанын айта кетейік.
- Солтүстік Қазақстанда 20 млн долларға аграрлық ғылыми орталық құрылады 18.11.2026
- Астанада Kaztraffic-2026 халықаралық көрмесі жұмысын бастады 18.11.2026
- Оралда үш жасар қыз пәтерде қамалып қалған 18.11.2026
- Семейде TikTok эфирінде балағат сөз айтқан әйел мәжбүрлі емдеуге жіберілді 18.11.2026
- Жүрегі оң жақта орналасқан: Астаналық дәрігерлер әйелге күрделі ота жасады 18.11.2026
- Түркістан облысында жылына 50 мың бас мал бордақылайтын ірі кешен ашылды 18.11.2026
- Балқашта 13 және 15 жастағы қыздарға қатысты заңсыз әрекеттер жасады деген күдіктілер қамауға алынды 18.11.2026