Балқаш қаласында 5 жұлдызды қонақ үй салынады

Балқаш қаласында 4 және 5 жұлдызды қонақ үйлер салуға әлеуетті инвесторлар керек. Әр кешенде кемінде 60 нөмірден болуы тиіс. Бұл жобалар туризмнің дамуына және өңірдегі іскерлік белсенділіктің артуына ықпал етеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Қарағанды облысының "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мәлімдеді.

Жобаларды жүзеге асыру үшін жер телімдерін "Сарыарқа" ӘКК ұсынады. Ал жобалау және құрылыс жұмыстарын қаржыландыру, сондай-ақ қонақ үй кешендерін салу – ашық конкурс нәтижесінде анықталған инвестордың міндеті. Құрылыс алаңдарының инженерлік инфрақұрылымын жергілікті атқарушы орган қамтамасыз етеді, - деп жазылған әкімдік хабарламасында.

Соңғы екі жылда Балқашқа туристік ағын 40% артқан. Келушілер арасында тек қазақстандықтар ғана емес, Германия, АҚШ, Канада, Польша және Ресей елдерінен келген туристер де бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov/kz
Өзгелердің жаңалығы