Балқаш курорттық аймағында қандай жолдар жөнделеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балқаш курорттық аймағында Тораңғалық және Шұбар-Түбек кенттерінің жолдары асфальтталды. Балқаш – Шашубай жолын жөндеу аяқталды.
Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Көлік инфрақұрылымын жақсарту жалғасуда.
Осы жылға арналған жобалар туралы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Сәбит Оспанов айтып берді.
Қоңырат ауданында ұзындығы 14,5 км болатын облыстық маңызы бар Ақтоғай – Балқаш жолының орташа жөндеуі аяқталады. Бұл туристерге ыңғайлы болу үшін көлік инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді, – деді ол.
Ұлытау ауданында «Жошы хан» кешені мен «Домбауыл» кесенесіне жол салынады. Мердігерді таңдау конкурсы өтті, жазда жұмыстар басталуы тиіс.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандық мерген әлем кубогының жүлдегері атанды
Өзгелердің жаңалығы