Балқаш көлінің жағалауында құтқарушылар төрт баласы бар отбасыға көмек көрсетті
Зардап шеккендер жоқ, медициналық көмек ешкімге қажет болмады.
Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында, Тасарал ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 20 шақырым жерде орналасқан Балқаш көлінің жағалауында Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жолда қалған отбасыға көмек көрсетті.
Патрульдеу барысында құтқарушылар техникалық ақауға байланысты тоқтап қалған жеңіл автокөлікті байқап, жедел көмекке келген. Мамандар көліктің ақауын оқиға орнында жөндеп, кейін оны жақын маңдағы елді мекенге дейін қауіпсіз сүйемелдеп жеткізді.
Көлікте алты адам, оның ішінде төрт бала болған. Зардап шеккендер жоқ, медициналық көмек ешкімге қажет болмады.
ТЖМ азаматтарға алыс жолға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын мұқият тексеруге, өзімен бірге жеткілікті ауыз су, байланыс құралдары мен қажетті жабдықтарды алуға, сондай-ақ сапар бағыты туралы жақындарына алдын ала хабарлап жүруге кеңес береді.
- Қосшыда жаңа мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі салынып жатыр 21:50
- «8 минуттық оқу»: Елорда мектептерінде жаңа жоба басталды 21:19
- Шошқа бүйрегі адамға 271 күн қызмет етті: Трансплантация тарихындағы ерекше жағдай 20:57
- Өзбекстанда 2026 жылдың басынан бері такси нарығы қалай өзгерді? 20:40
- Алматыда тау бөктерінде әл-Фараби даңғылы маңында өрт шықты 20:20
- Қазақстан Көшпенділер ойындарында топ жарды: 55 медаль жеңіп алды 20:11
- Вэнс Иранға қарсы АҚШ-қа көмектесіп жатқан елдерді атап, күтпеген мәлімдеме жасады: Тізімде кімдер бар? 19:57