Балқаш көлінің экологиялық жағдайы қалай
Маусым басталысымен-ақ Балқаш көлінің жағасы қоқысқа толып кетеді. Жергілікті кәсіпкерлердің көл ресурстарын орынсыз пайдаланып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жоғарыда айтылған мәселелер экологтарды алаңдататып отыр. Әлеуметтік желіде көлдің жағасы қоқысқа толғаны, ешқандай инфрақұрылым жүргізілмегені көрсетілген. Жақында «Климат күте алмайды» халықаралық іс-шарасына қатысқан экобелсенділер жергілікті билік табиғаттың қадіріне жете алмай отырғанына наразы.
Біз Балқаш көліне шомылып көрдік. Маусым ашылды. Құмда шаңғы да тептік. Бұл көп нәрсені аңғаратады. Ғажайып көлді сақтау үшін бәріміз атсалысуымыз қажет. Табиғаттың тамаша сыйы адамдардың жағымсыз әрекетінің тасасында қалмауы керек. Шетелдік табиғат жанашырлары да бізге жәрдемдесуде. Бұлай жалғаса бересе, көлді құтқара алмаймыз, - дейді Тарих ғылымдарының докторы, профессор Гүлнар Капекова.
Күні кеше Балқаш көлінде қазақ-француз әріптестігі аясында құм шаңғысы жарысы өтті. Бұл игілікті іске XCSS-CROSS COUNTRY SKIING SAND президенті Эстель Пейенмен жетекшілік еткен. Ол отандық кәсіпкерлерге еліміздің су ресурстарын бағалауға шақыруда. Балқаш көлінің проблемаларына жұртшылықтың назарын аудару жолдарында қарастырып отыр.
Қазір Балқаш көліне баратын жолды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жергілікті биліктің мәліметінше, алдағы уақытта инфрақұрылымдарды жаңарту жұмыстары жоспарда бар. Кәсіпкерлер иелік ететін аумақта тазалық жұмыстарын жүргізуге міндеттемек. Себебі, сырттан келетін туристердің өтініші маңызды.
Балқаштың экологиялық жағдайы төмендеп барады. Жылдан жылға қоқысқа толуда. Демалушыларды қадағалап жатқан ешкім жоқ, - дейді өңір тұрғыны Елжас Алдабаев.