Балқаш көлінен екі адам құтқарылды

Қарағанды облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Елжет Аймағамбетов пен Нұржан Жүзмахановтың жедел әрекеттерінің арқасында екі адам құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға Балқаш көліндегі Приозерск қаласынан оңтүстікке қарай 8 км жерде орналасқан "ЛОК Балқаш" санаторийінің ауданында орын алды. Серфинг тақтасындағы екі адам жағадан алыс жүзіп, өздігінен орала алмаған. Медициналық көмек қажет болмады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы