Балқаш горнизонында офицер жарақат алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балқаш гарнизонында қаруды қолданудағы қауіпсіздік шарасын бұзған лейтенант офицер жарақат алды, деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Зардап шеккенге қажетті медициналық жәрдем көрсетілуде. Дәрігерлердің айтуынша, әскери қызметшінің жағдайы ауыр.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қорғаныс министрінің нұсқауы бойынша оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін арнайы комиссия жіберілді, - делінген хабарламада.

Бұдан өзге ақпарат ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес тергеу мүддесіне қарай таратуға жатпайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы