Балқаш емханалары жоғары санатты УДЗ аппараттарымен жабдықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балқаш қаласындағы екі емханада 3D және 4D оқу функциялары бар заманауи цифрлық ультрадыбыстық аппараттар пайда болды.
Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жоғары санатты аппараттар облыстық денсаулық сақтау басқармасының көмегімен сатып алынды.
№ 1 және 2 емханаларға Балалар жылы аясында және ана мен бала қызметін дамыту мақсатында Voluson S10 Expert құрылғылары сатып алынды. Бұл 3D және 4D функциялары бар әлемдегі ең жақсы цифрлық ультрадыбыстық жүйе, ол ерекше кескін сапасын қамтамасыз етеді және акушерлік-гинекология және басқа да салалардағы жаңа диагностикалық мүмкіндіктерді көрсетеді. Қазір Балқаш қаласында жүкті әйелдердегі ұрықтың құрсақішілік дамуы туралы сапалы диагностикалық ақпарат алуға мүмкіндік беретін соңғы үлгідегі қондырғылар бар. Ал ата-аналар болашақ нәрестенің денсаулығы жайлы көбірек мағұлмат алу мүмкіндігіне ие болады, – деп атап өтті Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасында.
Жаңа құрылғылар әйелдердің репродуктивтік функцияларын тексеруге, ұрыққа толық зерттеу жасауға, онкологиялық ауруларды анықтауға және басқа да көрсеткіштерге арналған. Заманауи ультрадыбыстық аппараттар тұрақты кескін сапасымен ерекше ену тереңдігіне ие. Олар жатырдың, жамбас бұлшықеттерінің ауытқуларына тексеру жүргізуге мүмкіндік береді, 2D режимінде егжей-тегжейлі және анық кескінді беруге, қан тамырларының анатомиясын және олардың жұмысын анықтауға мүмкіндік береді.
Балқаштағы екі емханада сегіз аппараты бар алты ультрадыбыстық зерттеу кабинеті жасақталған. № 1 емхана тіркелген 50 мыңнан астам халыққа қызмет көрсетсе, екіншісіне 19 мыңнан астам адам тіркелген. Қалада жеке емхана да бар, оған жеті мыңнан астам адам тіркелген.
Балқаш қаласы халқының жалпы саны 78 636 адамды құрайды. Оның ішінде бала туу жасындағы әйелдер – 19 544.