Балқаш-Бурылбайтал жолы қашан бітетіні айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар «Балқаш-Бурылбайтал» автожолының 147 шақырымында (2005-2152 км) қайта жаңарту жұмыстары жасалып жатыр.
"Қазіргі таңда жолшылар 3 учаске бойынша жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуде. 15 шақырымда жер жабынының құнарлы қабаты алынып, қазу жұмыстары атқарылды. Жоба аясында темір жол өткелдері мен 10 көпірдің, 109 құбырдың құрылысы көзделген. Күре жолдың бойында демалыс алаңдары мен елдімекендердің маңында автопавильондар салынады. Қайта жаңарту жұмыстары толық аяқталғаннан кейін «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы І-техникалық санатқа сәйкес, толық 4 жолақты жол болады" - делінген ҚазАвтоЖол Ұлттық компаниясы таратқан ақпаратта.
Қазіргі кезде жол учаскелерінде 316 маман және 204 бірлік жол-құрылыс техникасы жұмыс істеп жатыр. Жобаның толық аяқталу мерзімі 2022 жылға жоспарланған.